Сыбайлас жемқорлық жойылмай, ел дамуы мүмкін емес

Талас ауданында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында азаматтық қоғам өкілдерімен кездесу өтті.

Іс-шара Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Адал қоғам» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Кездесу барысында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық бақылаудың тиімділігін күшейту және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту мәселелері талқыланды.
Іс-шараға қатысқан «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының жетекшісі Назима Дәрменқызы адалдық қағидаттарын қоғамда орнықтыру, азаматтардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда қоғам мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының маңыздылығына тоқталды.
Мұндай кездесулер азаматтық қоғам өкілдерінің белсенділігін арттырып, ашықтық пен әділдік қағидаттарын нығайтуға, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Comments (0)
Add Comment