«Stop bullying»

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” тапсырысы «Нығмет нұры»  қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» жобасы аясында «Тараз-Болашақ» медициналық жоғары колледжінде «Stop bullying» Буллинг және кибербуллингтің алдын алу мақсатында жастардың білікті психологпен кездесуі

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Әлеуметтік психология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Шолпан Тұрсынбайқызы Турдалиева жастар мен жасөспірімдермен кездесу буллинг тақырыбында дәріс оқумен басталды. Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау. Буллингтің түрлері: физикалық, вербалды, қорқыту, шеттету, бопсалау. мүлікті бүлдіру, кибербуллинг. Буллинг (қорқыту) процесінде әрқашан үш тарап болады:

— Агрессор — буллер, қорқытудың бастамашысы. Бұл топқа буллингті қолдайтын, оның  идеяларын қабылдайтындарды жатқызуға болады.

— Жәбірленуші – буллердің құрбаны. Буллерлердің құрбандарына тән қасиеттер жоқ, кез-келген адам бола алады.

— Бақылаушы – оның буллингке қатысы жоқ араласпайтындар, тек қорқытуға сырттан қарап, бақылаушылар.

Буллингке ұшыраған жасөспірімде уайымдау, сабақ үлгерімінің нашарлауы, өлім туралы ойлау, ұйқының бұзылуы, «маған ешкім көмектесе алмайды» деп ойлау, өз-өзіне физикалық зақым келтіру, тәбеттің болмауы, өзі жайлы жаман ойлау, қорқу, өзін жалғыз сезіну, уайымға берілу, не ашулану сияқты жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін. Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек деген сауалға: өзіңе деген сенімділікті арттыру; жаңа нәрселер жасауға тырысу; өзіңнің ұнамды жақтарыңды жазып отыру; басқаларға жақсылық жасау; батыл болуға үйрену; жәбірлеушіні бұғаттау; досыңа немесе құрбыңа айту; ересек адамдармен бөлісу; мазақы хабарламаларға жауап қайтармау; жақыныңмен (ата-ана, туыс, жақындар, педагог, психолог) бөлісу деп кеңестер берілді. Келесіде «Біз екеуміз ұқсаймыз…» тренингімен кездесу қорытындыланды.

Comments (0)
Add Comment