станада өткен жиында жаңа Конституция жобасындағы отбасының рөлі талқыланды

Астанада өткен жиында жаңа Конституция жобасындағы отбасының рөлі талқыланды: 6 ақпан 2026, жаңалықтар Turkystan.kz

Астанада «Sarap» сарапшылар клубы «Өзгерістер кезеңіндегі отбасы: әлеуметтік трансформацияға Конституция тұрғысынан жауап» тақырыбында жиын ұйымдастырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Қазақстандық қоғамдық даму институты, Астана қалалық Отбасын қолдау орталығының өкілдері, академиялық қауымдастық, үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшылар қатысты. Қатысушылар Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын, оның ішінде неке, отбасы, ана, әке және бала мәселелерін реттейтін нормаларды қарастырды.

Пікірталас барысында қазіргі әлеуметтік өзгерістер талқыланып, социологиялық және демографиялық зерттеулер ескерілді. Конституцияда отбасы мен неке қатынастарын бекіту отбасы институтының құқықтық мәртебесін айқындауға және қоғамдағы өзгерістерге қарамастан оның негізгі құндылық ретіндегі маңызын сақтауға мүмкіндік беретіні сөз болды.

Сонымен қатар мемлекеттiң отбасылық саясаттағы рөлі, құқықтық реттеу мен әлеуметтік тәжірибелердің байланысы мәселелері де қозғалды.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/275807-astanada-otken-ziynda-zana-konstituciia-zobasyndagy-otbasynyn-roli-talqylandy

Comments (0)
Add Comment