Шығыс Қазақстанда 13 жолдың құрылысы аяқталды

istockphoto.com
Шығыс Қазақстанда 13 жолдың құрылысы аяқталды: 5 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz

Шығыс Қазақстан облысында 2025 жылы республикалық жолдарды жаңғыртуға 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. 13 жоба іске асырылды. Әсіресе жергілгікті жұрт ондаған жыл бойы асыға күткен бағыттарда құрылыс аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тұрғындар көптен күткен ірі екі нысан қолданысқа берілді. Алматы — Өскемен бағыты және Омбы — Майқапшағай халықаралық тас жолы салынды. Бұл жол транзиттік әлеуетке тікелей әсер етеді. Майқапшағай және Үлбі өткізу бақылау пунктері де толық жаңартылды. Логистика серпін алды. Демалыс орындарына апаратын жолдар да ұмыт қалмады.

«Қалада салынған көпір мен тау ішінде салынған көпірдің айырмашылығы өте көп. Ол жерге барудың өзі қиын, бетон апару, техниканы жеткізу. Олардың тұруы оның бәрі техникалық қауіпсіздікті талап етеді», — деді «Қазавтожол» ҰК ОФ директорының орынбасары Әділет Жампейісов.

Comments (0)
Add Comment