Шахмат — ақыл-ойды дамытатын интеллектуалды спорт түрі. Аңыздарға сүйенсек, шахматты алғаш болып біздің заманымызға дейінгі 2-3 мың жылдықта пайда болған деседі. «Шахмат» сөзі парсы тілінен аударғанда «патша өлді» дегенді білдіреді екен.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде шахматшылармен кездескенде елімізде 200 мыңнан аса адам шахматпен шұғылданатынын, Қазақстан Республикасы Шахмат Федерациясының көмегімен және ФИДЕ-нің атсалысуымен бұл көрсеткіш кемінде 2 есе артуға тиіс екендігін, шахмат тиісті деңгейде дамитынын айтқан-ды.
Тараз қаласында «Senat Open» ҚР Парламенті Сенатының шахматтан ІІ ашық кубогына облыстық турнир өтті.
Аталған шараға Жамбыл облыстық, Тараз қалалық және аудандық мәслихат депутаттары, мәслихат аппаратының қызметкерлері, қоғамдық кеңестің мүшелері, мемлекеттік қызметшілер, БАҚ өкілдері қатысты.
Ауданнан мәслихат аппаратының басшысы Бақыт Жұмағұлов, аудандық мәслихат депутаты Ғабит Искенов, ардагер журналист Темірлан Әбілдаев, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Диханбай Ақділда, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ерлан Дүйсенбин белсене қатысты.
Жарыста журналистер командасы арасында ардагер журналист Темірлан Әбілдаев жүлделі ІІІ-орынға ие болып, арнайы медальмен және дипломмен марапатталды.