САРЫСУДЫҢ ЖАСТАРЫ САУАПТЫ ІСТЕРДІҢ ЖАРШЫСЫ

Бүгін табиғаты тамаша Сарысу ауданына қалың қар жауып қарбалас тіршілік бастау алуда. Бұл сәт еңбек пен бірліктің үйлесімі. Осы орайда, бүгін Ұйым ауылында Жастар ресурстық орталығының Байқадам ауылдық жастар ісі жөніндегі инспекторы Алмаз Мұхтарұлының ұйымдастыруымен игі шара өткізілді.
Алдымен ерікті жастар мешіттегі қалың қарды тазалап рухани азық жинады. Сонымен қатар, ауыл тұрғыны Әтіркүл апаның үйінің ауласын қардан ашып, апаның емін еркін ауладан кіріп шығуына жағдай жасады. Қарттарын қадірлеген Сарысудың жастары алдағы уақытта да ұйымшылдықпен игі істерді атқара бермек.
Comments (0)
Add Comment