Облыс орталығы Тараз қаласында РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ ӨТУДЕ
Бұл шара Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрына 90 жыл және қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері Асқар Тоқпановтың 110 жылдық мерейтойы қарсаңында өтуде.
Фестивальға КСРО және Қазақстанның халық әртісі, театр және кино өнерінің майталманы Асанәлі Әшімов, сондай-ақ өнертану ғылымының кандидаты, театр және кино актері, Қазақстан театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Әл-Тарази ағаларымыз арнайы қатысуда.
Сонымен қатар, еліміздің әр өңірінен алты театр облыс тұрғындарына өздерінің сахналық туындыларын ұсынып жатыр.
Олардың қатарында С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау театры, Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры, Р.Сейтметов атындағы Түркістан театры, Қ.Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры және қонақжай өңіріміздің Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театры бар.
Өңір тұрғындары мен қонақтары үшін театр есігі ашық, келіп тамашалаңыздар.