Петропавлда полицейге құрмет көрсеткен оқушы көптің ықыласына бөленді

Polisia.kz

https://turkystan.kz/article/272188-petropavlda-policeige-qurmet-korsetken-oqusy-koptin-yqylasyna-bolendi
Петропавлда полицейге шынайы құрмет көрсеткен оқушы көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Петропавлда Бөкетов көшесінде түсірілім жүргізіп жүрген СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің қызметкерлерінің назарын қызметтік машинаны көрген бетте тоқтап, әскери сәлем жолдаған оқушы аудартты. Бұл шынайы құрмет видеокамераға жазылып, полицейлердің балаға жақынырақ танысуына себеп болды.

Ювеналдық полиция оның қаладағы Сафуан Шаймерденов атындағы гимназияның 3-сынып оқушысы Нұрғиса Ермахан есімді бала екенін анықтады. Анасының айтуынша, Нұрғиса әрдайым форма киген адамдарға құрмет көрсетеді және болашақта полицей немесе өрт сөндіруші болуды армандайды.

2 желтоқсанда сол Бөкетов көшесінде Нұрғиса СҚО ПД патрульдік полиция батальонының инспекторы Әділ Мұрзахановпен кездесті. Нұрғиса тағы да әскери сәлем беріп, офицер де көліктен шығып, жарғыға сай жауап қайтарды. Полицей балаға патрульдік көліктің ойыншығын және тәттілер сыйлап, оны көлігімен жеткізіп салды. Педагогтар Нұрғисаның погоны бар адамдарға деген құрметін және ел мен мемлекетке қызмет етуге қызығушылығын атап өтті.

 

Comments (0)
Add Comment