Парасаттылық – адам бойындағы кісілік қасиет. Парасаттылық ұғымы ақылдылық пен білімпаздық, мәдениеттілік, көрегенділік, зерделілік салиқалылық, мейірімділік, ізгілік, әдептілік, ұстамдылық, талғампаздық қасиеттері тән. Көпті көрген, көп білетін мұндай адам сөйлейтін әр сөзін ойланып, ақыл таразысына салып айтады. Дәстүрлі қазақ қоғамында парасатты адам бойында кездесетін асыл қасиеттердің біріне айналып, адамгершілік пен өнегелілік тұрғысынан жоғары бағаланған: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» (А.Құнанбайұлы); «Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсатпен кездейсоқ рақат үшін емес, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында» (Әл – Фараби); «Өмірде ең бастысы – адамдық парасаттылық, білім, жоғары кәсіпқойлық және өз Отанына адалдық» (Қ.Тоқаев). Жастар және жасөспірімдер арасында «Парасаттылық — басты ұстаным» атты ақпараттық түсіндіру жұмыстары барысында диалогтық алаңдарын құру арқылы кездесулер, конференция мен «Академиялық адалдық және парасаттылық» бойынша оқу орындарында дәрістер мен семинарлар ұйымдастыруымен түсіндірме жұмыстары орын алды.