«Өз өзіне қол жұмсаған» — Ақмола облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Ақмола облыстық еңбек инспекциясы департаментінің мәліметінше, 2026 жылғы 24 наурызда «АК Алтыналмас» АҚ заңгерінен Ақсу кенішінде болған жазатайым оқиға туралы хабарлама түскен.

«Жазатайым оқиға фактісі бойынша Ақмола облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті арнайы тергеу тағайындады»,  деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар, полиция бұл дерек бойынша суицид фактісімен қылмыстық іс қозғады.

«Өз өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға себептері мен мән-жайы анықталып жатыр»,  деп мәлімдеді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.                                               Фото:  Ашық дерекөздерден.  alash.kz

Comments (0)
Add Comment