Өңірге жаңаша серпін беретін жоба

Түркістан облысына жасаған жұмыс сапарым аясында өңірдегі су шаруашылығы нысандарының жай-күйімен, сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан жобалардың барысымен таныстым.
Түркістан облысының Ордабасы ауданында ұзындығы 26,15 шақырымды құрайтын «Найман» каналының реконструкция жұмыстарымен таныстым. Бүгінде нысанды бетондау жұмыстары толық аяқталған. Жоба аясында канал бойында 75 гидротехникалық нысан салу да қарастырылған. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары 98%-ға орындалды.
Отырар ауданының аумағында Арыс өзенінен суармалы егіншілікке су беруге арналған «Қызылту» сорғы станциясының жұмысымен таныстым. Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі нысанға орнатылатын үш жаңа сорғы сатып алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Арыс ауданында 143,4 шақырым ирригация желісін реконструкциялау жобасы аясындағы жұмыстарды көрдім. Бұл жоба 8281,7 гектар суармалы жерді суару суымен қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ мердігер ұйым басшыларымен кездесіп, кәсіпорынның өндірістік базасында болдым.
Былтырғы суару маусымы климат өзгеріп жатқан жағдайда суды дұрыс басқарудың маңызын айқын көрсетті. Жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар қолда бар су ресурстарын, соның ішінде су шығынын азайту арқылы тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін құжат әзірлеуден бастап, құрылыс пен нысандарды пайдалануға беруге дейінгі барлық жұмысқа толық бақылау қамтамасыз етілуі қажет.
Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы — Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі.
Comments (0)
Add Comment