“ӨЛІНІҢ АЙТҚАНЫН ТІРІ ЕСТІМЕЙДІ…”

Дүниеден өткен адам туралы жақсы айту керек немесе ештеңе айтпаған жөн. («Об умершем только хорошее» или «de mortuis aut bene aut nihil» — «о мертвых либо хорошо, либо ничего» деген ескіден келе жатқан мәтел де бар) Осы қарапайым қағиданы ескермейтін, елемейтін замандастарымыздың бар екендігі әжептәуір өкіндіреді.
Көзі тірісінде марқұмға айта алмағанын соңынан жариялап, айғайлап айтуды ешкім ерлікке баламайды. Оның бір шеті айтушының өзіне тиетінін сезбейтін сияқты. Осындай әрекеті үшін ол екі есе ауыр күнәға батуы мүмкін.
Әрине, “өлінің айтқанын тірі естімейді”.
Жалпы, өзін тым жақсы көру өзгені жақсы көру қабілетінен айырылудың, тура жолдан адасудың алғышарты болса керек.
Сондықтан, өлген адам туралы айту (куәсі жоқ, ішінара жалған болуы бек мүмкін) шын мұсылманның амалына жатпайды. Ақылды кісінің де ісі емес. Өйткені, өзге діндермен қатар ислам діні де дүниеден озған адамның тек жақсы қасиеттерін ғана айтуды тірінің борышы деп түсіндіреді.
Өзін тым жақсы көретіндерге құлаққағыс ретінде айттық.
Дархан МЫҢБАЙ
Comments (0)
Add Comment