Облыстық имамдармен кездесу өткізілді

Бүгін облыстық имамдармен кездесу өткізілді.
Кездесуге имамдардан бөлек ардагерлер, қоғамдық кеңес төрағалары, сала мамандары қатысты.
Басқосудың басты мақсаты – қоғамдағы Заң мен тәртіп қағидатын нығайту, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және зайырлы мемлекет ұстанымдарын берік сақтау болды.
Сонымен қатар, бала тәрбиесі де сөз болды.
Бұдан бөлек, кездесуде Мемлекет басшысының ішкі саясаттағы жаңа қағидаттары кеңінен талқыланып, ел бірлігі мен қоғамдық тұрақтылықты сақтауда дін өкілдерінің маңызды рөлі атап өтілді.
Имамдар қоғамда ізгілік пен әділдікті насихаттаудың алдыңғы шебінде жүрген тұлғалар ретінде жастар тәрбиесі, отбасы құндылықтары және діни төзімділік мәселелерінде белсенді ұстаным таныту қажеттігі айтылды.
Біздің ортақ мақсатымыз – тәртіпті қоғам мен саналы ұлт қалыптастыру.
Сондықтан, әрбіріміз ұлт руханиятының даму жолында белсене қызмет етуіміз маңызды.
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
Comments (0)
Add Comment