«Мөлдір бұлақ» акциясы жалғасып жатыр

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы іс-шаралар «Мөлдір бұлақ» акциясына ұласып, аудан ардагерлері, белсенді жастар және коммуналдық қызмет өкілдерінің қатысуымен Құлан ауылының тау бөктеріндегі бұлақ көздері тазартылып, қалпына келтірілді.
Аталған бастамалардың негізгі мақсаты – табиғи су көздерін сақтау, қоршаған ортаны қорғау және өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Жалпы 300-ге жуық азамат қатысқан бұл бастамалар «Наурызнама» онкүндігінің «Тазару күнімен» үндесіп, мерекенің мазмұнын одан әрі айшықтай түскендігін атап өту қажет.
Туған жер табиғатын аялау – әрбір азаматтың ортақ міндеті, осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
Comments (0)
Add Comment