Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетовтың төрағалығымен Сарысу ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы және «Мерейлі отбасы -әділетті қоғам» акциясы аясында кездесу өтті.
Жиынға Сарысу ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық — демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері, аудандық ақсақалдар, аналар алқасы және дін өкілі қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «Көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі әйелдерге көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар туралы» Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қанат Тлеубаев баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері мен күресу шаралар туралы» «Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сарысу аудандық кеңес беру кабинетінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Қанағат Баккулиеваның есебі тыңдалды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша «Қайтарымсыз мемлекеттік грантқа және несиеге аудандағы әйел азаматшалардың үлесі туралы. Жұмыссыз әйел азаматшалардың саны мен бос жұмысқа орналастыру бойынша атқарылған жұмыстар жайлы» «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің Сарысу ауданы бойынша мансаптық орталық филиалының директоры Данияр Омар есеп берді.
Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылған жобалардың есебі бойынша» аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлбике Сәлімова баяндады.
Жиын барысында сұрақ — жауаптар қойылып, көтерілген мәселелер хаттамаға енгізілді.