Мерекелік кеш

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде ерекше толқынысқа толы «Соңғы қоңырау» мерекесі аталып өтті. Бұл – мектеппен ғана емес, балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге алғашқы қадам жасайтын тарихи әрі тағылымды сәт.
Осыған орай, AMANAT партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов Б.Момышұлы атындағы №45 мектеп-гимназиясы мектеп-гимназиясында өткен «Соңғы қоңырау» салтанатты жиынына қатысып, ұстаздар қауымын, ата-аналарды және мектеп бітіруші түлектерді мерекемен құттықтады.
Аталған білім ордасы жыл сайын білімді де дарынды шәкірттерімен ерекшеленіп келеді. Биыл мектеп қабырғасынан 108 түлек үлкен өмірге жолдама алса, олардың 7-еуі «Алтын белгіге» үміткер атанып отыр. Бұл – ұстаздардың тынымсыз еңбегі мен ата-аналардың сенімінің айқын жемісі.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген филиал төрағасы Дауыл Бейсенқұлов AMANAT партиясы білім саласын дамытуға әрдайым ерекше көңіл бөліп келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, сапалы білімге қолжетімділікті арттыру және жас ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
Іс-шара барысында мектеп түлектеріне ақ жол тілініп, ұстаздарға алғыс айтылды. Мерекелік кеш әсерлі әндер мен жылы лебіздерге ұласып, көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады.
Comments (0)
Add Comment