Мерекеде туыстарымен бейнебайланыс арқылы жүздесті

Сот үкімімен бас бостандығынан айырылған азаматтардың сыртқы әлеммен қарым-қатынасы тоқтамайды. Жазасын өтеушілердің жақын адамдарымен байланыста қалуға құқығы бар. Хат жазып, қоңырау шалуға болады. Ал қазіргі заманғы технологиялар адамдарға қашықтықта көрінуге мүмкіндік береді.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде сотталғандар азаматтар үшін олардың туыстарымен және жақындарымен бейнебайланыс арқылы кездесу ұйымдастырылды. Бейнеқоңыраулар  арқылы жазасын өтеушілер жақындарын 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, сағыныштарын басты.

«Маған жақындарымды көруге мүмкіндік сыйлаған мекеме басшылығына алғысымды білдіремін. Олар бейнебайланыс арқылы менің денім сау екеніне көзін жеткізді. Мен де туыстарымды көріп қуанып қалдым», – дейді мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтың бірі.

Comments (0)
Add Comment