Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 мамырдағы №121 бұйрығымен Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидалары бекітілген болатын.
Осыған орай, Департамент тарапынан жұмыс уақыты режимінің сақталуы бойынша мемлекеттік органдарға бару арқылы мониторинг жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.
Мәселен, ағымдағы жылдың 2-жартыжылдығында бірқатар жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде мониторинг жұмыстарды жүргізілді.
Аталып өткен шаралар, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, оның ішінде олардың әлеуметтік кепілдіктерінің бұзылуының алдын-алуға бағытталған.
Айта кетерлігі, мемлекеттік қызмет және еңбек заңнамаларының талаптарына сәйкес, жұмыс уақытынан тыс істелетін жұмысқа, демалыс және мереке күндердегі жұмысқа тартылған жағдайларда мемлекеттік қызметшіге демалыс күндері (сағаттары) беріледі немесе өтемақы төленеді.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.