2026 жылғы 15 тамыз күні Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №67 мекемесінде санитарлық тазалықты сақтау, мекеме аумағын абаттандыру және қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету мақсатында сенбілік өткізілді.
Сенбілік барысында мекеменің жеке құрамы белгіленген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, аула аумағын қоқыстан тазартты, қураған шөптер мен бұталарды ретке келтіріп, жиналған тұрмыстық қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға шығарды.
Іс-шараға мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, санитарлық талаптарды сақтау және мекеме аумағын таза әрі көрікті ұстау бағытында тиісті жұмыстар атқарды.
Өткізілген сенбілік нәтижесінде мекеме аумағы толықтай тазартылып, абаттандырылды. Іс-шара қызметкерлер арасында тазалықты сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және ұжымдық жауапкершілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылды.