Мәжіліс депутаттары халық игілігі үшін салынған нысандармен танысты

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұқаш Ескендіров, Гүлдара Нұрым және Әбутәліп Мүтәлімен бірге Тараз қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстармен танысты.
 Солардың бірі – Шөлдала алқабында жақында ғана пайдалануға берілген 600 орындық мектеп. Қазір мұнда 900-ден астам оқушы білім алып жатыр. Бұл – 20 мыңнан аса тұрғыны бар аумақтағы өзекті мәселенің шешімі болды.
 Депутаттар сондай-ақ М.Мәметова атындағы №27 мектеп жанынан салынудағы жаңа оқу корпусының құрылыс барысын көрді. 1957 жылы салынған мектепке бұған дейін ауқымды жөндеу жүргізілмеген. Қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
 Сонымен бірге, Абай даңғылы бойындағы теміржол арқылы өтетін жол өткелінің құрылысымен танысты. Жобаға былтыр 3 млрд теңге бөлініп, бастапқы жұмыстар атқарылған. Биыл да қаржы қаралғанымен, Мәжіліс депутаттары бақылаудың әлсіздігін атап өтіп, қала әкімдігінің жауапты қызметкерлерін сынға алды.
 Сапар барысында депутаттар «Балауса» шағын ауданында салынып жатқан 22 көппәтерлі тұрғын үй құрылысымен танысты. Жыл соңына дейін мұнда 800 пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Құрылыс сапасы талапқа сай.
 Сондай-ақ, 180 оқушы білім алып жатқан «Әскери мектеп-интернатына» бардық. Оқу орны толық жабдықталған, дегенмен ІТ бағытын күшейту жөнінде ұсыныс айтылды.
 Келесі нысан – қарттар мен зейнеткерлерге арналған «Белсенді ұзақ өмір» орталығы. Мұнда 200 адамға 26 түрлі тегін қызмет көрсетіледі. Қолөнер мен ІТ бағытында үйірмелер жұмыс істейді.
 Сонымен қатар, партия бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен №7 мектеп-гимназияның жұмысымен таныстық. Құрылыс толық аяқталып, жаңа пән кабинеттері мен мәжіліс залы ашылған. 75 жылдық тарихы бар мектеп заманауи келбетке ие болды.
Comments (0)
Add Comment