Мәскеу қаптаған дронның астында қалды

Мұны қаланың мэрі Сергей Собянин растады. Ол Ресей астанасында 33 дронның атып түсірілгенін хабарлаған. Собяниннің сөзінше, «Садовод» сауда орталығының аумағы бүлінген. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.

Мәскеу мен Ресейдің өзге қалаларына дрон шабуылы жиілеген шақта аумақтарда 20 маусымнан бастап жеңіл және тым жеңіл ұшақтар мен дрондардың ұшуына тыйым салынатыны хабарланған еді. Мұндай шараның тұрақты және чартерлік рейстерге қатысы жоқ.

Бұған дейін Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьев Украинаның ауқымды дрон шабуылы салдарынан 16 адамның жараланғанын мәлімдеген еді.

Украинаның ондаған ұшқышсыз ұшу аппараты Мәскеу мен оның маңындағы аумақтарға шабуыл жасаған. Соның салдарынан Ресей астанасындағы мұнай өңдеу зауыты бір аптада екінші рет дрон соққысына ұшырап отыр.

inbusiness.kz сайты.
Фото: reuters
Comments (0)
Add Comment