Мәселе біртіндеп шешіледі

«Жиделі» алқабы тұрғындарының өтініш-шағымдарына байланысты кездесу өткізілді.
Жүздесу барысында тұрғындар тарапынан ауыз су, жол және қоғамдық көлік мәселелері көтерілді.
Жиынға қала әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, сондай-ақ «Жамбыл су» мекемесінің жауапты өкілдері қатысты.
Кездесу қорытындысы бойынша аталған алқап аумағындағы құдық қақпақтары тексеріліп, ауыз судың тұрақты келіп тұрғаны анықталды. Осыған байланысты тұрғындарға ауыз суды әр үйге өздері жеке кіргізу қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар №61 қоғамдық көлік бағытының сызбасына қатысты да тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар назарға алынатыны айтылды.
Comments (0)
Add Comment