Бүгін – күнделікті өміріміздің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін, елдің әрбір тұрғынының жайлы өмір сүруі үшін тынымсыз еңбек ететін сала мамандарының кәсіби мерекесі.
Осыған орай бүгін Жамбыл облысының әкімдігінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің төл мерекесі аталып өтті.
Салтанатты шарада Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Қайшыбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ведомствалық наградасымен, Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарымен бірқатар азаматтарды марапаттады.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ