Магнийді тым көп ішу зиян ба?

istockphoto.com

Магнийді тым көп ішу зиян ба?: 15 желтоқсан 2025, жаңалықтар Turkystan.kz
Магний – ағзадағы негізгі минералдардың бірі. Онсыз ағза дұрыс жұмыс істемейді. Бұлшық еттің жиырылуы, ақуыздың синтезделуі, ферменттердің жұмысы – түгел магнийге байланысты. Ағзада магний жетіспейтінін қалай білуге болады? Магнийді тым көп ішу ағзаға зиян ба? Ресейдің Пирогов университетінің сарапшысы Денис Борозденко осы сұрақтарға жауап берді.

– Адам ағзасы үшін магний неге маңызды?

– Магний ионының (Mg²⁺) көлемі кішкентай және оның қуат беру қабілеті жоғары. Сол себепті көп энергияны талап ететін барлық процесс магнийге мұқтаж.

– Ағзаға магний жетіспейтінін қалай білуге болады?

– Магний дефицитінің ерекше симптомы жоқ. Дегенмен бұлшық ет бірінші белгі беруі мүмкін: қабақтың қозғалуы, бұлшық еттің түйілуі, аяқ-қолдың ұюы. Сондай-ақ неврологиялық белгілер болады: ашушаңдық, мазасыздық, ұйқының бұзылуы, үнемі шаршап жүру, бас ауруы. Жүрек қағысы жиілеуі мүмкін.

– Магнийдің тым көп болуы ағзаға зиян ба?

– Иә, қауіпті. Бүйректер сау болса артық магнийді ағзадан дереу шығарады. Сондықтан магний мөлшері тамақ арқылы артпайды. Түрлі қоспаларды оңды-солды ішсеңіз магний мөлшері көбейеді. Егер бүйректер сау болмаса, жағдай қиындайды. Магнийдің көптігі жүйке жүйесі мен бұлшық етке зиян.

 

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/272747-magniidi-tym-kop-isu-ziian-ba

Comments (0)
Add Comment