ҚЫСТАУЛАРДЫҢ ЖАЙ КҮЙІ ҚАРАЛДЫ

Қыстаулардың жағдайы, мал азығының қоры, ауыз су және малдарды суару көзімен қамтылуын зерделеу мақсатында аудан әкімі Сәкен Мамытов жұмысшы топпен бірге елді мекендерден тысқары орналасқан қыстауларды аралады.
Аралау барысында сондай — ақ;
-қыстаудағы мал бастарының есепке алынуы, тиісті емдеу, дәрілеу және вакцинациялау жұмыстарының барысы;
-Шаруаларға қажетті жайылым, шабындық жерлер мәселесі. Орман қоры жерінен жалға жайылым жерлер алу. Ол жерлерге қора-жай, үй салу мәселесі;
-Қыстауларға барар жол, байланыс, электр желісі, ауа-райының қолайсыз уақтында байланыс пен азық-түлік тасымалы;
-Шаруа қожалықтарында жұмыспен қамтылған азаматтардың (малшылар, жұмысшылар және олардың отбасы мүшелері) еңбек қатынастарын заңдастыру, медициналық көмектер мен тиісті ем-дом шалары, вакцинациялау жұмыстарын алуы;
-Елді мекеннен тысқары орналасқан қыстаулардағы мектеп жасындағы балалардың мектепке баруы, оқу үлгерімдері, қажетті құрал жабдықтармен қамтылуы, мектепке барып/келу мәселесі;
-Қыстауларда еріксіз түрде жұмыс күштерін пайдалану, азаматтарға еркінен тыс жұмыс жасатудың алдын алу профилактикасы зерделенді.
Сонымен қатар, аудан әкімінің жұмыс сапары барысында Жаңатас қаласы мен ауылдық округ әкімдері, ветеринариялық пункт, медициналық пункт меңгерушілері, учаскелік полиция инспекторлары бекітілген маршрут бойынша қатысты.
Қыстаулардың жағдайына қанық болған аудан басшысы шаруа қожалық иелеріне жоғарыда көрсетілген талаптардың қатаң сақталу керектігін айтып, тиісті тапсырмалар жүктеді.

 

Comments (0)
Add Comment