Қорғаныс министрінің жаңа орынбасары тағайындалды: 6 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Асқар Мұстабеков Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің жаңа орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Мұстабеков Асқар Досбосынұлы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалып, бұрын атқарған қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.
Асқар Мұстабеков 2023 жылғы 22 қаңтарда Президенттің өкімімен Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы болып тағайындалған болатын. Бұған дейін ол аталған оқу орны басшысының оқу жұмысы жөніндегі бірінші орынбасары қызметін атқарып, оқу-әдістемелік басқарманы басқарған. Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесіне ие.