Конституция жобасын түсіндіру шеңберінде шаһар басшысы Т.И. Батуров атындағы Жамбыл мемлекеттік аймақтық электр стансасының ұжымымен кездесу өткізді.
Жиын барысында қызметкерлерге жаңа реформаның мәні, өзектілігі және оның артықшылықтары кеңінен баяндалды. Қала әкімі Бақытжан Орынбеков Мемлекеттік маңызды құжаттағы өзгеріс–болашақ үшін маңызды қадам екенін атап өтті.
Сондай-ақ, Тараз қаласы мәслихатының төрағасы Олжабай Кенжебек Мамашбайұлы Ата заңға ұсынылуы мүмкін өзгерістерге тоқталып, Конституциялық реформаны бекітетін референдум баршамыз үшін маңызды науқан екенін айтты.
Кездесуде қатысушылар да саяси бастамаға қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Жиын соңында қала әкімі Бақытжан Орынбеков алдағы жалпыхалықтық референдумның маңызын атап өтіп, азаматтарды оған белсенді қатысуға шақырды