«Қоғаммен байланыс»

Облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен «Қоғаммен байланыс» жобасы аясында азаматтарды жеке қабылдау акциясы өтті.
Іс-шараға облыс прокуроры Әбілов Берік Рахатұлы және басқада орган басшылары қатысты.
Бұл шараның басты мақсаты – тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдап, құқықтық көмек көрсету және заң аясында нақты шешу жолдарын қарастыру.
Қабылдау барысында азаматтар әлеуметтік, жер, тұрғын үй, еңбек қатынастары, жол, құрылыс, қылмыстық және әкімшілік құқық салалары бойынша сауалдарын қойып, өтініштерін жеткізді. Әрбір мәселе бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді.
Мұндай ашық форматтағы кездесулер халық пен құқық қорғау органдары арасындағы өзара сенімді нығайтып, азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды алаңға айналуда.
Comments (0)
Add Comment