КЕЗДЕСУ

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков жаңа Ата Заңның жобасын таныстыру мақсатында басталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында қалалық полиция басқармасының ұжымымен кездесті.
Жиын барысында шаһар басшысы Конституцияға енгізілетін өзгерістердің мән-маңызы, олардың құқықтық мемлекет құру жолындағы рөлі және қоғам өміріне ықпалына жан-жақты тоқталып, бұл реформаның негізгі мақсаты – әділетті, ашық әрі тиімді басқару жүйесін қалыптастыру екенін атап өтті.
Сонымен қатар қала әкімі жаңа жоба азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыруға және билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға бағытталғанын, әсіресе, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бұл үдерістегі орны ерекше екеніне екпін түсірді.
Бұдан кейін қалалық мәслихаттың төрағасы Кенжебек Олжабай сөз сөйлеп, конституциялық өзгерістердің жергілікті деңгейдегі маңызына тоқталды. Сондай-ақ Кенжебек Мамашбайұлы мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту, халықпен кері байланысты күшейту, шешім қабылдау үдерісіндегі ашықтықты қамтамасыз ету бағытындағы жаңашылдықтарға назар аударып, құқық қорғау саласы өкілдерінің заң талаптарын мүлтіксіз орындауы қоғамдағы тұрақтылық пен сенімнің негізі екенін тілге тиек етті.
Кездесуде сала қызметкерлері еліміздегі маңызды реформаларға қолдау білдірді.
Жиынды қорытындылаған Бақытжан Әмірбекұлы сала мамандарын еліміздің дамуына бағытталған маңызды өзгерістерден тыс қалмай, белсенді үн қосуға шақырды.
Comments (0)
Add Comment