ҚАЖ департаменті басшылығы әріптестерін Жаңа жылмен құттықтады

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы әскери-дәрігерлік қызметкерлерді, сала ардагерлері мен бақилық болған әріптестерінің отбасыларын мерекелерімен құттықтады.

Жамбыл облысының ҚАЖ департаментінің қызметкерлері атаулы мерекелер мен маңызды шараларды назардан тыс қалдырмай, ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл дәстүр ұзақ жылдардан бері жалғасуда. ҚАЖ қызметкерлері мұндай шараларды ұйымдастыру арқылы әріптестеріне жаңажылдық көңіл күй сыйлауды мақсат еткен.

Осындай дәстүрдің жалғасы ретінде ұйымдастырылған биылғы шара да барша қызметкерлерге көңіл күй сыйлады. Мерекелік шара барысында ҚАЖ қызметкерлері дәрігерлерге, зейнет демалысындағы қызметкерлердің шаңырақтарына барып, мерекелік сыйлықтарын табыстап, жаңажылдық тілектерін айтты. Олар жылы лебізімен сөз сөйлеп, табалдырықтан аттағалы тұрған Жаңа жылда жаңа табыстарға, жетістіктерге жетуге тілек білдірді.

Comments (0)
Add Comment