Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
«Елдің батысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тек республиканың орталығында жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді. Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл көтеріледі, оңтүстік-батысында бұршақ жауады, шығысында түнде көктайғақ болады. Сонымен қатар солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында тұман түседі», — делінген хабарламада.
https://turkystan.kz/article/258306-qazgidromet-el-turgyndaryna-eskertu-zasady