«ҚазАвтоЖол» жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады

istockphoto
«ҚазАвтоЖол» жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады: 3 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 3 қаңтар күні сағат 08:00–дегі жағдай бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді:

Ақтөбе облысы

• «Қандыағаш — Ембі — Шалқар — Ырғыз» автожолының 3-257-шақырымы (Қандыағаш қаласы — Шалқар қаласы);
• «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолының 104-337-шақырымы (Қандыағаш қаласы — Атырау облысының шекарасы).

Атырау облысы

• «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолының 337-346-шақырымы (Ақтөбе облысының шекарасы — Сағыз ауылы).

Сондай-ақ тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Жабық жолдар

Ауа райының күрт бұзылуына байланысты 2026 жылғы 2 қаңтар сағат 21:45–тен бастап Ақтөбе облысында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс жабылды:

• «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 776-965-шақырымы (ЭКО ойл жанармай құю станциясы — Қарабұтақ кенті).

Ал «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.

Comments (0)
Add Comment