Қазақстандық туристер ертеңнен бастап эвакуациялануы мүмкін

Таяу Шығыс елдерінде қалып қойған қазақстандық туристер ертеңнен бастап эвакуациялануы мүмкін. Жолаушылардың алғашқы легі Қатардан жеткізілмек. Бұл туралы Қазақстанның Қатардағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Арман Исағалиев айтты.
Отандастарымыз Эр-Рияд қаласы арқылы чартерлік рейспен жеткізіледі. Жол шығыны мемлекет есебінен өтеледі. Әуелі 700 адамды елге әкелу жоспарланған. Туристердің шетелдерге барған күні мен жасына басымдық беріледі.
Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің айтуынша, қазір Қатарда Қазақстанның 1500-ден астам азаматы жүр, Елшілік олармен ұдайы байланыста. Азаматтар қонақ үймен, тамақпен қамтамасыз етілген.
Comments (0)
Add Comment