Қазақстанда Жаңа жылда күн жылынады.
Синоптиктердің мәліметінше, суық антициклонның орнын оңтүстіктен келетін жылы циклон басады, соған байланысты қар, боран күтіледі. 30–31 желтоқсанда Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында және Ұлытау облысында жауын-шашын жаңбыр түрінде басталып, кейін қарға ауысады, ал ҚР оңтүстігінде жауын-шашын негізінен жаңбыр түрінде болжанады. Республика бойынша көктайғақ, тұман, желдің екпіні күшейеді.
«30 желтоқсанда елдің солтүстігі мен орталығында, 30–31 желтоқсанда шығыс өңірлерде ауа температурасы күндіз 2° аяздан 3° жылуға дейін көтеріледі деп күтіледі. Республиканың оңтүстігінде 30–31 желтоқсанда ауа температурасы 5–15° жылуға жетеді», — делінген хабарламада.
Фото:depositphotos.com
kznews.kz