Қазақстанда жаңа банк пайда болады

Abu Dhabi Commercial Bank Қазақстанда еншілес банк ашуға рұқсат алып, исламдық қаржыландыруды «исламдық терезе» арқылы дамытуды жоспарлап отыр.

БАӘ-нің ірі банктерінің бірі Abu Dhabi Commercial Bank (ADCB) Қазақстанда өз банкін ашуды жоспарлап отыр. Ол исламдық қаржыландыруды «исламдық терезе» арқылы дамытпақ.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл банкке елімізде еншілес ұйым құруға ресми түрде рұқсат берді. Соған сәйкес «Abu Dhabi Commercial Bank (Kazakhstan)» атты жаңа банк ашылады. Сондай-ақ оған банктік холдинг мәртебесін алу және еншілес ұйым құру мүмкіндігі де берілді.

Қазір банк толық жұмысын бастау үшін дайындық жүргізіп жатыр. Барлық ішкі жүйелер дайын болған соң, ол толыққанды банктік лицензия алуды көздейді.

Айта кетейік, ADCB – Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ең ірі банктердің бірі. Оның негізгі иесі Абу-Даби үкіметіне тиесілі Mubadala Investment Company.

2025 жылдың соңындағы дерекке сенсек, банктің активтері 210 млрд доллардан асады. Меншікті капиталы 24 миллиард доллардан жоғары, ал жылдық таза пайдасы 3 миллиард доллардан көп. Банк халықаралық деңгейде жоғары рейтингке ие. Қазақстанда ашылатын жаңа банктің жалғыз акционері де осы ADCB болады. Ол исламдық қаржыландыруды дамыту арқылы жаңа қаржы өнімдерін ұсынып, клиенттерге қосымша мүмкіндіктер беруді жоспарлап отыр. Мысалы, 2026 жылғы 1 ақпанда Қазақстанда 23 банк жұмыс істеген. Олардың жалпы активтері 70,1 триллион теңге, ал несие көлемі 43 триллион теңге болды.

Еске салайық, бұған дейін британиялық BAE Systems компаниясы Air Astana-дағы қалған үлесін толық сатуды жоспарлап отырғанын жаздық. 6,1 миллион GDR (5,1 бағамен) шамамен 31 миллион долларға ұсынылады, нарық бағасынан 15%-ға төмен. Мәміледен кейін инвестор компания құрамынан толық шығады.

Фото: Abu Dhabi Commercial Bank PJSC

Stan.kz ақпарат агенттігі

Comments (0)
Add Comment