Қазақстанда алғашқы АЭС құрылысы басталатын уақыт белгілі болды

Қазақстандағы алғашқы АЭС 2030-жылдардың ортасында іске қосылады
Қазақстанда алғашқы атом электр станциясының (АЭС) негізгі құрылыс жұмыстары 2027 жылы басталады, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы «Росатом» басшысы Алексей Лихачёв мәлімдеді, ал ақпаратты Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі де растады.

Лихачёвтің айтуынша, АЭС құрылысы кезең-кезеңімен жүргізіліп, алғашқы екі энергоблок 8–10 ай аралықпен іске қосылады. Жоба толық аяқталуы 2030-жылдардың ортасына жоспарланып отыр.

Агенттік өкілінің мәліметінше, құрылысқа дайындық жұмыстары 2027 жылы басталады. Сонымен қатар, АЭС салуға қатысты құжатқа қол қою рәсімі 28 мамырда өтеді деп күтілуде.

Жоба Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ірі стратегиялық бастамалардың бірі ретінде қарастырылуда.

Әуежайда балалар Путинге Құрманғазы күйлерін орындады (ВИДЕО)
Ақтөбеде 1-сынып оқушысы мектепте қауіпті сұйықтық ішіп, ауруханаға түсті

Politico.kz.

 

Comments (0)
Add Comment