Қазақстанда 2025 жылы 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі экономиканы индустриялық дамыту және әртараптандыру бойынша жұмыстар жүргізуде. 2025 жылы 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын пайдалануға берілді. Жаңа нысандар еліміздің әртүрлі аймақтарында орналасқан және машина жасау мен металлургиядан бастап химия және жеңіл өнеркәсіпке дейінгі өндірістік бағыттардың кең ауқымын қамтиды.

Іске қосылған өндірістік нысандар қатарында:

«Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС (Алматы қаласы, машина жасау) Инвестициялар – 182 млрд теңге
3 600 жұмыс орны, қуаты жылына 120 мың жеңіл автокөлік шығару.
«KIA Qazaqstan» ЖШС (Қостанай облысы, машина жасау), қуаты – жылына 70 мың бірлік автомобиль, инвестициялар – 131,5 млрд теңге, 1500 жұмыс орны.
«EkibastuzFerroAlloys» ЖШС (қара металлургия, Павлодар облысы), қуаты – 240 мың тонна ферросилиций, инвестициялар – 92,4 млрд теңге, 800 жұмыс орны
«KamLitKZ» ЖШС (Қостанай облысы, машина жасау), қуаты – жылына 74 000 бірлік, инвестициялар – 82,5 млрд теңге, 550 жұмыс орны.
«KamLitKZ» ЖШС, Қостанай облысы, қуаты – жылына 90 000 бірлік, инвестициялар – 78,2 млрд теңге, 100 жұмыс орны
«Qaragandy Power Silicon» ЖШС (Қарағанды кешенді қорытпалар зауыты), (қара металлургия, Қарағанды облысы), қуаты – жылына 175 мың тонна, инвестициялар – 62,7 млрд теңге, 1145 жұмыс орны.
«ТЭМПО-Казахстан» ЖШС (қара металлургия, Қарағанды облысы), қуаты – жылына 250 мың тонна, инвестициялар – 37,9 млрд теңгеден астам, 547 жұмыс орны
«ТексолТранс» ЖШС (машина жасау, Атырау облысы), инвестициялар – 30,8 млрд теңге, 180 жұмыс орны құрылды, шығару – 2 160 жартылай вагон, 885 платформа, 165 жабық вагон және 900 цистерна.
«Kazferro Limited» ЖК (қара металлургия, Павлодар облысы), ферросилиций өндірісі – 60 000 тонна, инвестициялар – 27 млрд астам теңге, 350 жұмыс орны.
«Гранд Материк» ЖШС (жеңіл өнеркәсіп, Атырау облысы):
полиэтиленнен қап шығару – жылына 200 000 дана, инвестициялар – 10 млрд теңге, 35 жұмыс орны.
«CENTRAL ASIA ALUMINIUM» ЖШС (түсті металлургия, Түркістан облысы): алюминий профилінің өндірісі – жылына 20 мың тонна, инвестициялар – 8 млрд теңге, 250 жұмыс орны.
«Sauran Bricks» ЖШС (құрылыс материалдарын өндіру, Шымкент қаласы): автоклавты газоблокты шығару – жылына 200 мың м3 дейін, инвестициялар – 7,8 млрд теңге, 150 жұмыс орны.
«СЛ Групп» ЖШС (түсті металлургия, Алматы облысы):
қуаты – жылына 20 000 дана радиатор, инвестициялар – более 7,3 млрд теңге, 200 жұмыс орны.
«Евразийский Механический завод» ЖШС (машина жасау, Павлодар облысы), қуаты – жылына 8 700 бұйым, инвестициялар – 7,2 млрд теңгеден астам, 60 жұмыс орны
«Hong Shun»ЖШС (химия өнеркәсібі, Алматы облысы): қуаты – жылына 200 000 тонна, инвестициялар – 7 млрд теңгеден астам, 90 жұмыс орны
«Алтын Дала Мақта» ЖШС (резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру, Түркістан облысы): қуаты – тәулігіне 60 тонна, инвестициялар – 6,7 млрд теңге, 60 жұмыс орны.
«ТК Газоблок» ЖШС (құрылыс материалдарын өндіру, Алматы облысы): минералды жылытқыштар шығару – жылына 15 000 тонна металл конструкциясы, инвестициялар – 6,2 млрд теңге, 50 жұмыс орны
«Қазақстандық ыстық мырыштау зауыты» ЖШС: (түсті металлургия, Қарағанды облысы): қуаты – жылына 48 000 тонна, инвестициялар – 6,2 млрд теңге, 115 жұмыс орны.

«Синтез Урал» ЖШС (химия өнеркәсібі, Батыс Қазақстан облысы): қуаты – жылына 10 000 тонна метилэтанол, инвестициялар – 6 млрд теңге, 35 жұмыс орны.
«KazFeltec» ЖШС (жеңіл өнеркәсіп, Ақтөбе облысы): қуаты – жылына 2 112 тонна, инвестициялар – 5 млрд теңге, 40 жұмыс орны.
«ALLIANCE BUILDINGS» ЖШС (құрылыс материалдарын өндіру, Шымкент қаласы): қуаты – жылына 150 000 бірлік, инвестициялар – 4,8 млрд теңгеден астам, 200 жұмыс орны
«KazPan» ЖШС (құрылыс материалдарын өндіру, Астана қаласы): қуаты – жылына 1,5 млн м2, инвестициялар – 4,5 млрд теңге, 50 жұмыс орны.
«Bir beldeu bir zhol technology» ЖШС (машина жасау Түркістан облысы): қуаты – жылына 518,4 мың дана, инвестициялар – 4,2 млрд теңге, 45 жұмыс орны.
«QILU Agro» ЖШС (машина жасау Солтүстік Қазақстан облысы), қуаты – жылына 1 000 бірлік техника, инвестициялар – 3,5 млрд теңге, 50 жұмыс орны, шығару – тракторлар 500 бірлік, тіркеме техникасы 150 бірлік, аспалы техника 200 бірлік, суару жүйелері 150 бірлік.
«MARVIK PARTNERS» ЖШС (жеңіл өнеркәсіп, Шымкент қаласы): қуаты – жылына 8 млн сызықтық метр мата, инвестициялар – 3,2 млрд теңге, 200 жұмыс орны.
«Himmel Aluminium» ЖШС (қара металлургия, Шымкент қаласы): қуаты – құю 14 400 тонна, жаншу 2 400 тонна, сырлау 6 000 тонна, инвестициялар – 3,2 млрд теңге, 150 жұмыс орны.
«Euro Glass» ЖШС (құрылыс материалдарын өндіру, Шымкент қаласы): қуаты – жылына 500 мың м2, инвестициялар – 3 млрд теңге, 50 жұмыс орны.
«Алтын Групп» ЖШС (машина жасау, Алматы қаласы): қуаты – жылына 250 000 модуль, инвестициялар – 2,9 млрд теңге, 87 жұмыс орны.
«Багдар ЛТД» ЖШС (құрылыс материалдарын өндіру, Алматы қаласы): қуаты – жылына 67,1 млн дана, инвестициялар – 2,4 млрд теңге, 58 жұмыс орны.
«БайконурСтройСнаб» ЖШС (машина жасау, Астана қаласы): қуаты – жылына 240 000 тежегіш бөлшек, инвестициялар – 1,5 млрд теңгеден астам, 45 жұмыс орны.
«Kapital Construction» ЖШС (қара металлургия, Алматы қаласы): қуаты – жылына профильді құбырлар – 1,7 мың тонна, арматуралық тор – 510 мың м2, кварц агломераты – 25,5 мың м2, инвестициялар – 1,5 млрд теңгеден астам, 100 жұмыс орны.
«AynaGlass» ЖШС (құрылыс материалдарын өндіру, Қызылорда облысы): қуаты – жылына 720 мың м2, инвестициялар – 1,5 млрд теңге, 55 жұмыс орны.
«ПолиТрейд Қазақстан» ЖШС (резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру, Шымкент қаласы): қуаты – жылына 100 млн метр, инвестициялар – 1,3 млрд теңге, 30 жұмыс орны

Жаңа өндірістердің іске қосылуы экономиканы әртараптандыруға, өңірлерді дамытуға және елдің өнеркәсіптік базасын нығайтуға маңызды үлес болды. Жүзеге асырылған жобалар 10 мыңнан астам жұмыс орнын құруға және 841 млрд теңгеден астам инвестиция тартуға мүмкіндік берді, бұл одан әрі экономикалық өсу үшін берік негіз қалыптастырады.

Comments (0)
Add Comment