Қазақстан стенд атудан Азия чемпионатында тағы бір алтын алды

АSC

Қазақстан стенд атудан Азия чемпионатында тағы бір алтын алды: 21 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Қазақстан құрамасы стенд атудан Дохада (Қатар) өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы бірнеше жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Элеонора Ибрагимова, Анастасия Прилепина және Наргиза Сарманова ел қоржынына алтын медальді салды. Отандастарымыз «трап» бағдарламасы бойынша командалық сайыста үздік нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар «трап» дисциплинасында қазақстандық мергендер жекелей сында да табысты өнер көрсетті. Максим Бедарев пен Элеонора Ибрагимова күміс жүлде иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін ұлттық құрама «скит» түрінен екі алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алған болатын.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/274908-qazaqstan-stend-atudan-aziia-cempionatynda-tagy-bir-altyn-aldy

Comments (0)
Add Comment