Қасым-Жомарт Тоқаев Куба президентін құттықтады

Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Куба президентін құттықтады: 1 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен оның отандастарын Куба Республикасының ұлттық мерекесі – Революцияның салтанатты жеңісі күнімен құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Президент жеделхатта Қазақстан мен Куба арасындағы достық және өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін одан әрі тереңдей беретініне сенім білдірген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал Куба халқына құт-береке тіледі.

Comments (0)
Add Comment