Кәсіппен айналыспаймын деп «ант» береді: Банктен шот ашу талабы өзгерді

Бұл өзгерістер қашан жүзеге асатынынын тиісті орган мәлімдеді

Қазақстан Ұлттық банкінің басқармасы банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу, сондай-ақ қолма-қолсыз төлемдер мен ақша аударымдары қағидаларына өзгерістер енгізді. Тиісті қаулы 2025 жылғы 31 желтоқсанда қабылданып, Әділет министрлігінде №37777 болып тіркелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Негізгі өзгерістер

1. Жеке тұлғалардың банк шоты

Енді жеке тұлға банк шотын ашқанда, шот арқылы:

кәсіпкерлік қызмет,
өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимі,
нотариус, адвокат, медиатор қызметі,
атқарушылық құжаттарды орындауға қатысты операциялар жүргізілмейтінін көрсетуі тиіс.
Бұл талап банкпен жасалған шартта өзгеше көзделмесе қолданылады.

2. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жаңа талап

Арнайы салық режимі аясында қызмет жүргізу үшін ағымдағы шот ашатын азаматтар (оның ішінде қандастар):

жеке куәлігін;
Салық кодексінің 77-тарауына сәйкес арнайы салық режимін қолдану туралы өтініш ұсынады.
3. Мемлекеттік мекемелерге қатысты өзгеріс

Бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін шот ашу кезінде Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 27 маусымдағы №328 бұйрығына сәйкес рұқсат талап етіледі.

4. Ғылыми жобаларды грантпен қаржыландыру

Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобалары бойынша:

эскроу-шоттан төлемдер
грант алушы мен контрагент арасындағы келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.
Қашан күшіне енеді?

Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

jambylinfo.kz

 

Comments (0)
Add Comment