Қазіргі қоғамда қаржы қыспағына түсіп, жоқшылықтың күйін кешіп жүргендер аз емес. Негізгі себеп – қаржылық сауаттылықтың төмендігі. Бұл – бір адамның емес, тұтас қоғамның проблемасы. Сол себепті «AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын қолға алды. Бұл жоба тек берешекті өтеу емес, қаржылық мәдениетті қалыптастыруды көздейді.