Қарағанды облысында қайғылы жағдай орын алды: Ақадыр – Қарағанды бағытындағы Жарық пен Дария аралығындағы күзетілмейтін реттелетін теміржол өткелінде жолаушылар пойызы мен жеңіл автокөлік соқтығысып, үш адамның өмірін жалмады.
ҚТЖ таратқан мәлімет бойынша, 92 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан пойыздың машинисі Mazda көлігінің жолға кенеттен шығып кетуіне байланысты шұғыл тежеу қолданғанымен, соқтығысуды болдырмау мүмкін болмаған. Апат салдарынан автокөлік жүргізушісі мен екі жолаушы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі таңда оқиғаға қатысты мәліметтер тиісті құқық қорғау органдарына тапсырылып, тергеу жүргізілуде. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы марқұмдардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, барлық жүргізушілерді теміржол өткелдерінен өту кезінде барынша сақ болуға, әсіресе түнгі уақытта қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.
https://politico.kz/article/qaragandyda-zholaushylar-poyyzy-apatqa-ushyrap-ush-adam-koz-zhumdy?fbclid=IwY2xjawNAfuJleHRuA2FlbQIxMABicmlkETFwRjZLYUQwNnk5RFlZWXoxAR6WCVPCLkliQZwpCxZooe1fPQc9Odb8hqcxcXJXM_0VJT_v_LrZSg2QCDpM3A_aem_WqGW69j32A6DdMzCC7yzMw
ҚТЖ