14 қараша – Бүкіләлемдік диабетке қарсы күрес күніне орай Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Қант диабеті қандай дерт?» атты сheck-up форматындағы шара өтті.
Жиын барысында қант диабеті бойынша көрсеткіштердің артуына ықпал ететін себептер, аурудың алдын алу жолдары дерттің ерте анықталуының маңызы, адам денсаулығына тигізетін әсерлері мен қауіп факторлары туралы жан-жақты ақпарат айтылып, қатысушыларға кеңінен мағлұмат берілді.