«Қант диабеті қандай дерт?»: cһeck-uр форматында шара өтті

14 қараша – Бүкіләлемдік диабетке қарсы күрес күніне орай Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Қант диабеті қандай дерт?» атты сheck-up форматындағы шара өтті.

Жиын барысында қант диабеті бойынша көрсеткіштердің артуына ықпал ететін себептер, аурудың алдын алу жолдары дерттің ерте анықталуының маңызы, адам денсаулығына тигізетін әсерлері мен қауіп факторлары туралы жан-жақты ақпарат айтылып, қатысушыларға кеңінен мағлұмат берілді.

Comments (0)
Add Comment