ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауға жазылған тұрғындардың басым бөлігі жер кезегі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жердің нысаналы мақсатын өзгерту және ауыз су жүргізу, арықтарды бетондау, көше атауын жаңғырту сияқты әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы мәселелерді көтерді.
Қала тұрғындарының сауалын мұқият тыңдаған шаһар басшысы зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында тиісті шешімдер қабылданатынын айтып, азаматтардың өтініш-тілектері бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Comments (0)
Add Comment