«JAMBYL QYZMET CUP – 2025»: Шу ауданы үздік үштікке енді!

Жамбыл ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында өткен кіші футболдан «JAMBYL QYZMET CUP – 2025» облыстық турнирі өз мәресіне жетті. Турнирге барлығы 8 команда қатысты.
Нәтижесінде:
1-орын – Жамбыл ауданы
2-орын – КГИ командасы
3-орын – Шу ауданы
Сондай-ақ, “Үздік қақпашы” номинациясын Шу ауданы, Қорағаты ауылдық округінің әкімі Әділ Диханбаев жеңіп алды!
Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
Жоғары деңгейдегі ұйымдастыру мен жігерлі ойын үшін алғыс білдіреміз.
Comments (0)
Add Comment