Испания премьер-министрі әйеліне тағылған айыпқа байланысты отставкаға кетуі мүмкін

Фото:  Reuters

Испания премьер-министрі Педро Санчес 24 сәуірде өзінің қоғамдық қызметін уақытша тоқтататынын мәлімдеді. Ол бұл шешімін үкімет басшысы қызметінде қалу-қалмау мәселесін ой елегінен өткізу үшін бірнеше күн қажет екенімен түсіндірді. Осы айыпБұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AFP агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Испания премьері өзіне және отбасына қатысты, әйелі Бегонья Гомеске қатысты іс аясында отставка мәселесін қарастырып жатқанын айтты. Санчес түпкілікті шешімін 29 сәуірге дейін қабылдауға уәде берді.

Педро Санчестің жұбайы Бегонья Гомеске екі жылдық тергеуден кейін сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыптар тағылды.

Сол күні жарияланған сот құжатына сәйкес, 55 жастағы Гомес ықпалын асыра пайдалану, бизнестегі сыбайлас жемқорлық, қаржы жымқыру және ысырап ету баптары бойынша айыпталып отыр. Оған қатысты тергеу 2024 жылдың сәуірінде судья Хуан Карлос Пейнадоның бастамасымен басталған.

Бегонья Гоместің бастамасымен Мадридтегі Комплутенсе университетінде «Бәсекеге қабілетті әлеуметтік трансформация» атты жеке кафедра ашылған. Тергеушілер атауы түсініксіз бұл кафедраның қажеттілігі болмаған және оны ашу үшін университет басшылығына қысым жасалғанын алға тартқан. Тергеу басталғаннан кейін кафедра «ғылыми да, практикалық та мәні жоқ» деп танылып, жабылған.

2024 жылдың қазан айында тергеу кеңейтіліп, әсіре оңшыл Hazte Oír ұйымы Гоместі Мадридтегі Комплутенсе университетінің бағдарламалық қамтамасыз етуін заңсыз иемденді деп айыптап, сотқа шағым түсірген.

Сондай-ақ, Гомеске жеке бизнес жобаларына көмекші ретінде мемлекеттік қызметкер Кристина Альваресті заңсыз пайдаланған деген күдікке ілінді. Ал Альварес мемлекеттен жалақы алып отырған.

Педро Санчес пен оның жұбайы тағылған айыптарды жоққа шығарады. Санчес бұл тергеуді оңшыл оппозицияның үкіметті тұрақсыздандыруға бағытталған саяси науқаны деп бағалайды. Сонымен қатар, премьер-министрге оның айналасындағы сыбайлас жемқорлық істеріне байланысты қысым күшейіп отырғаны айтылып, оппозиция оның отставкаға кетуін талап етуде.

Comments (0)
Add Comment