Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желілерде, сондай-ақ кейбір қазақстандық және шетелдік БАҚ-та Иран аумағынан Орталық Азия елдеріне жетуі мүмкін «қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпараттың таралғанын тіркеді.
Мониторинг деректеріне сәйкес, мұндай ластанудың Қазақстан мен Орталық Азия елдері бағытына қарай жылжу белгілері байқалмайды.