АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ:
Инвестициясыз экономика дамымайды, ал, инвесторларсыз бизнес саласында тіршілік болмайтыны белгілі. Сондықтан, ауданымызда инвестиция тартуға ерекше көңіл бөлінуде.
Өткен аптада ауыл, ауылдық округ әкімдеріне бір апта көлемінде ауыл паспортын жасап, инвестиция тарту бойынша ұсыныс таныстырылымын дайындау жүктелген болатын. Бүгінгі жұмыс барысында берілген тапсырма бойынша инвестиция тарту мүмкіндіктеріне қатысты ауыл, ауылдық округ әкімдерінің жобалары талқыланды.
Аудан басшысы инвестиция тартымды болу үшін бірнеше маңызды факторлар ескерілуі қажеттігін алға тартты. Біріншіден, инвестор шақырғанда, оған қажетті инфрақұрылымды дайындау, екіншіден инвестиция тарту үшін нарық дайын болуына баса мән берілді. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру, сондай-ақ жұмыс орындарын көбейте отырып, тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз етуге, сол арқылы тұрғындардың өмір сүру деңгейінің өсуіне мүмкіндік бермек.
Талқылау барысында туындаған бірқатар мәселелер ортаға салынып, инвестициялық жобаларға байланысты ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар берілді.
Байзақ ауданы ақпараттық медиа орталығы.