Инвест жобаларды аралады

Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы бойынша бірқатар елді мекендерде болды.
Алдымен аудан басшысы Өрнек ауылында салынып жатқан «Момбеков» шаруа қожалығы тауарлы сүт фермасының құрылыс жұмыстарын көрді.
Жобалық құны 2.9 млрд теңгені құрайтын инсвестициялық жобада 612 бастық тауарлы сүт фермасы салынуда.
Бүгінде электр желілері тартылып, 4 корпустың іргетасы қалануда.
Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқтау күтілуде.
Мұнда заманауи техникалар арқылы сүт өнімдері өндіріледі.
400 бастық тауарлы сүт фермасы
Сондай-ақ аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы «AzNur Agro» АШӨК-і 400 бастық тауарлы сүт фермасында болды.
Кәзіргі таңда «Тұлпар Строй Сервис» ЖШС –мен келісім шарт жасалып құрылыс жұмыстары жүруде.
Ресей мемлекеті Калининград облысынан 349 бас «Голдштейн» асыл тұқымды МІҚ малын сатып алуға келісім-шартқа отырып, («Залесье-Агро» ЖШС -110бас, «Малиновка» ЖШС-нен 85 бас, «Каштановка» ЖШС-нен 154 бас) құнажындарды ағымдағы жылдын маусым-шілде айларында алып келу жоспарланып отыр. Ферма жабдықтарының құны 668 млн.теңге. Құрылыс жұмыстары маусымда аяқталады деп жоспарлануда.
Аудан басшысы Аса ауылында мал сою пунктінің де құрылысын көріп, мердігер өкіліне абаттандыру жұмыстары да назардан тыс қалмау керектігін жеткізді.
Comments (0)
Add Comment